Келешекке кемел біліммен!
Вторник, 24.04.2018, 19:12


Сенім телефоны 87182356596 Сіз кірдіңіз Гость | Топ "Гости"Хош келдіңіз Гость| RSS
Басты бетМенің профильмТіркелуШығуКіру
Негізгі мәзір

Чат

Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Ауа райы

Формға кіру


"ЖАС ҰЛАН" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас Ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ: ту, галстуг, төсбелгі, эмблема

ҰЙЫМҒА ҚАБЫЛДАУ ЖЫЛЫНА 3 РЕТ: 1 - мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 6-шілде - "Жас ұлан" құрылған күні, 16- желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫЛАРЫ: 6-9 жас – «Жас Қыран», 10-16 жас – «Жас Ұлан», мектеп басшылығы, ұйым жетекшісі, класс жетекшілер, ата - аналар.

"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ: Парасат, Таным, Ұлт рухы, Тал бесік, Жігер, Жеті Жарғы, Еңбек.

БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ: Ұйым жетекшісі - Мектеп Ұланбасы - Топ Ұланбасы - Топ қыранбасы - Класс Ұланбасы - Класс Қыранбасы - бөлімдер бойынша жауаптылар.

ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫНАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Қоғамдағы өзгеріске бейімделген, әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамдағы бірлестіктің ғылыми - әдістемелік қызметін жандандыру. Тәрбиелік - оқыту бағдарламасын тиянақты өткізу, ұйым жұмыстарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттау.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ "ЖАС ҰЛАН" БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

1.1. "Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі- "Жас Ұлан") Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Респуликасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. 

1.2. "Жас Ұлан"- өскелең  ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық   ұстанымдарға  негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

1.3. "Жас Ұлан" өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен  және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.

1.4. "Жас Ұлан" өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа  да  нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. "Жас Ұланның" мақсаты:

- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. 

2.2. "Жас Ұланның" міндеттері: 

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани -адамгершілік әлеуметтік қалыптастыру.

- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- балалар мен жасөспірімдердің  зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік пен еңбек сүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

3. ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ҚАҒИДАЛАР

3.1. "Жас Ұлан" келесі қызметтерді атқарады: 

- тәрбиелік;

- танымдық;

- коммуникативтік;

- әлеуметтік;

- ақпараттық;

- шығармашылық;

3.2. "Жас Ұлан" қызметінің қағидалары:

- азаматтық сана -сезім  және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;

- еріктік және қолжетімділік;

- ұрпақтар сабақтастығы мен "ЖасҰлан" ұйымының дәстүрлерін сақтау;

- ұйымының негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересекетер мен балалардың бірлігі;

- қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани -адамгершілік бағыты.

4. МҮШЕЛІК, ОҒАН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ШЫҒУ ТӘРТІБІ

4.1. "Жас Ұлан" ұйымында мүше болудың екі деңгелі жүйесі бар. "Жас Ұланның" жоғары буынына 5-10 сынып, ал "Жас Қыран" төменгі буынына -1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар "Жас Ұланға" өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.

4.2. Мүшелерді ұйымға қабылдауды "Жас Ұлан" бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі: 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде- "Жас Ұлан" құрылған күні, 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні.

4.3. "Жас Ұланнан" ерікті түрде шығу үшін "Жас Ұлан" бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.

4.4. "Жас Ұлан" Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымынан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара - ұйымнан шығару. 

4.5. Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3 дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді. 

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер

 ұйымы мүшелерінің АНТЫ

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

-       Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

-       Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

-       Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

-       Ата-анамды қадірлеуге;

-       Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

-       Білімге табандылықпен  ұмтылуға;

-       Салауатты өмір салтын ұстануға;

-       Табиғатты аялауға;

-        «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Іздеу

Біздің жетістіктер

Күнтізбе
«  Апрель 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Бүгінгі санда

Қараша айының 11-12 күндері Өскемен қаласында алғаш рет балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық «Жас толқын» ән-байқауы өтті. Мектебіміздің 5 сынып оқушысы Хавалхаг Ғазиз -- бас жүлде иегері атанды


Дауыс беріңіз
Оцените мой сайт
Барлық жауап: 204
Біздің сайтқа қош келдіңіз,тіркелуіңізді және өз пікірлеріңізді қонақ кітапшасына қалдыруларыңызды сұраймын.

Тараудың санаттары
Главная страница [6]
Главная страница

№38 Жалпы негізгі білім беру мектебі тел:87182356596, эл.почта:38scool@mail.ru