Келешекке кемел біліммен!
Суббота, 20.10.2018, 19:01


Сенім телефоны 87182356596 Сіз кірдіңіз Гость | Топ "Гости"Хош келдіңіз Гость| RSS
Басты бетМенің профильмТіркелуШығуКіру
Негізгі мәзір

Чат

Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Ауа райы

Формға кіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ

ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ереже

1.1   Оқушылардың ғылыми-қоғамы-бұл ғылыми зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге арналған өз интеллектісін дамытуға таланттанған оқушы жастардың ерікті шығармашылық бірлестігі.

1.2  Оқушылардың ғылыми-қоғамы білім беру мекемелерінде құрылады,өзінің атауы,эмблемасы,девизі,дәстүрі болады,

1.3  Оқушылардың ғылыми-қоғамы өз құрамына жеке секциялар,ғылыми үйірмелер,клубтар және ғылымның әр түрлі бағытындағы қоғамдарды енгізе алады.

1.4  Оқушылардың ғылыми-қоғамының қызметі Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Білім беру жөніндегі» Қазақстан Республикасының білім және ғылымМинистірлігінің нормативтік құқықтық актыларына,Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына және осы Ережеге сәйкес  жүзеге асырылады.

1.5  Оқушылардың ғылыми қоғамы қызметін ұйымдастыруды қоғам құрылып отырған мекеме жетекшісі іске асырады.

 

2.Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері.

Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері болып:

2.1 Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту,ғылыми ізденудің әдістерін оқыту,шығармашылық сыйпаттағы жеке тұлғалары тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу:

2.2    Оқу мекемелеріне оқушыларды тәрбиелеуде,олардың жана жақты дамуына,еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарағанда өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға,жоғары адамгершілік қасиеттер мен рухани мәдиниетін дамытуға белсенді  түрде көмектесу:

2.3    Мектеп бітірушілердің нәтижелі түрде мамандық тандауына және мамандық бағытына көмектесу болып табылады.

 

3.Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастыру.

3.1    Оқушылардың ғылыми қоғамына осы қоғамда жұмыс істеуге тілек білдіргендер және мұғалімдер,әр бағыттағы пән бірлестіктерінің жетекшілері ұсынып оқушылар мүше бола алады.

3.2    Оқушылардың ғылыми қоғамының жоғары ұйымы тәртіп бойынша жылына бір рет шақырылатын қоғам мүшелерінің сессиясы болып табылады.

3.3     Сессияда оқу жылының міндеттері айқындалып,нәтижелері шығарылады,жеке секциялар жұмысы және қоғам мүшелерінің есебі тыңдалады,жұмыс жоспары бекітіледі және басқада шешімдер мен құжаттар қабылданады.

3.4     Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысына сессия аралығында құрамында оқушылар,педогогикалық ғылыми орталықтардың және оқушылардың ғылыми қоғамының қызметіне қатысатын түрлі ұйымдардаң өкілдері бар сессияда сайланған үйлестіру кеңесі жетекшілік жасайды.

3.5      Оқушылардың ғылыми қоғамында басшылық және сабақтарды кеңесшілер мен ғылым жетекшілермен қамтамасыз өтуді қоғам құрылган оқу орны атқарады.

3.6     Оқушылардың ғылыми қоғамында мамандар,ғалымдар және мұғалімдер келісім-шарт немесе қосымша қызмет атқаруы бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жұмыс істейді.Олар секцияларға,оқушылардың ғылыми бірлестігіне сол сияқты оқушылар таңдап алған тақырыптағы жеке жұмыстарына жетекшілік етеді.

3.7      Оқушылардың ғылыми қоғамы бөлімшелерінің жетекшілері үйлестіру кеңесімен келісілген арнайы бағдарламалар жасай алады,ол қоғам жұмыс істейтін мекеме жетекшісімен бектіледі.

3.8      Ғылыми жетекшінің,кеңесшінің басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша және оқушылардың тақырыптық шығармашылық жұмыс бойынша ғылыми қоғамы мүшелерінің сабақтары аптасында кемінде бір рет ұжымды түрде немесе жекелей өткізіледі.

3.9      Қорытынды сабақ көптеген оқушылар мен қазылар алқасында шақырылған ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарынан келген ғалымдарды қатыстыра отырып конференция түрінде өткізіледі.

3.10      Қазылар алқасы үздік жұмыстарды таңдап,оларды мектептерде өткізілетін ғылыми жоба жарыстарына ұсынады.Конференция жеңімпаздарына дипломдар,ескерткіш награда,демеушілердің сыйлықтарын тапсырды.

 

4.Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.

 Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі:

4.1 Секция жұмысына,барлық іс-шараларға қатысуға

4.2 Әр түрлі секция, бөлім жұмыстарымен танысуға және бір секциядан екінші секцияға өтуге;

4.3 Қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге;

4.4 Өз жұмысын ғылыми жоба жарыстарына,ғылыми конференцияға қатысу үшін жариялауға;

4.5 Оқушылардың ғылыми қоғамы немесе оның секциясы филиалы жұмыс  істейтін лаборотория мен кафедралардың құрал –жабдықтарын пайдалануға;

4.6 Ғылыми мектеп, оқу-әдістемелік жиын, шығармашылық экспедиция, ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми жоба жарыстарына қатысуға;

4.7 Оқушылардың ғылыми қоғамыңдағы белсенді жұмысы  және шығармашылық табыстары үшін мақтау қағазы,құрмет белгісімен,диплом марапатталуға үшін ұсынылуға құқықты.

4.8 Оқушылардың ғылыми  қоғамының әрбір мүшесі:

- ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-  іздену жұмыстарын жүргізуге;

- саналы білімге және  ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға,өзінің ғылыми деңгейіе көтеруге;

- оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға;

- мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға,

- оқушылардың ғылыми қоғамы басшылық ұйымдарының тапсырмаларын жауыпты орындауға;

- қоғам жұмыс істейтің ғылыми мекеменің  лаборатория, құрал-жабдықтарына ұқыпты қарауға;

- бір немесе бірнеше шығармашылық топтарда белсенді жұмыс істеуге,конференция,жорықтарға қатысуға,таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен  тереңдетуге, оқушылар мен халық арасында білімді насихаттауға қатысуға;

-өз жұмысы жөнінде шығармашылық топта,сессияда,конференцияда есеп беруге міндетті.

Іздеу

Біздің жетістіктер

Күнтізбе
«  Октябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Бүгінгі санда

Қараша айының 11-12 күндері Өскемен қаласында алғаш рет балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық «Жас толқын» ән-байқауы өтті. Мектебіміздің 5 сынып оқушысы Хавалхаг Ғазиз -- бас жүлде иегері атанды


Дауыс беріңіз
Оцените мой сайт
Барлық жауап: 209
Біздің сайтқа қош келдіңіз,тіркелуіңізді және өз пікірлеріңізді қонақ кітапшасына қалдыруларыңызды сұраймын.

Тараудың санаттары
Главная страница [6]
Главная страница

№38 Жалпы негізгі білім беру мектебі тел:87182356596, эл.почта:38scool@mail.ru