Келешекке кемел біліммен!
Четверг, 20.09.2018, 02:05


Сенім телефоны 87182356596 Сіз кірдіңіз Гость | Топ "Гости"Хош келдіңіз Гость| RSS
Басты бетМенің профильмТіркелуШығуКіру
Негізгі мәзір

Чат

Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Ауа райы

Формға кіру


«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

«Государственные символы – это одна из незыблемых основ нашего государства, нашего суверенитета. Они выражают священный объединяющий образ Независимости»

         Нурсултан Назарбаев

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Конституционный Закон «О государственных символах Республики Казахстан» был принят 4 июня 2007 года. В соответствии с этим Законом ежегодно 4 июня празднуется как день государственных символов в Республике Казахстан.

Государственные символы  –  это один из неотъемлемых атрибутов любого государства, олицетворяющих его идентичность и суверенитет. В Республике Казахстан государственными символами являются – Государственный Флаг, Государственный Герб и Государственный гимн.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Государственный флаг Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Государственный флаг Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище голубого цвета с изображением в центре солнца с лучами, под которым – парящий орел. У древка – вертикальная полоса с национальным орнаментом. Изображение солнца, его лучей, орла и национального орнамента – цвета золота.

Автор Государственного флага Республики Казахстан – заслуженный деятель искусств Казахстана Шакен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Государственный герб Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Государственный герб Республики Казахстан имеет форму круга и представляет собой изображение шанырака на голубом фоне, от которого во все стороны в виде солнечных лучей расходятся уыки. Справа и слева от шанырака расположены изображения мифических крылатых коней. В верхней части расположена объемная пятиконечная звезда, а в нижней части надпись «Қазақстан». Изображение звезды, шанырака, уыков, мифических коней, а также надписи «Қазақстан» – цвета золота.

Авторами Государственного герба Республики Казахстан являются известные архитекторы Жандарбек Малибеков и Шот-Аман Валиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Государственный гимн Республики Казахстан

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

 

Гимн Казахстана, ранее известный как песня «Менің Қазақстаным», по инициативе Президента Нурсултана Назарбаева был утвержден Парламентом страны 6 января 2006 года. Впервые он прозвучал 11 января 2006 года во время торжественной инаугурации Главы государства.

Музыка – композитора Шамши Калдаякова, слова – Жумекена Нажимеденова и Нурсултана Назарбаева.

Ақпарат: http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/about_state_symbols сайытынан алынған.

 

 

Іздеу

Біздің жетістіктер

Күнтізбе
«  Сентябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Бүгінгі санда

Қараша айының 11-12 күндері Өскемен қаласында алғаш рет балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық «Жас толқын» ән-байқауы өтті. Мектебіміздің 5 сынып оқушысы Хавалхаг Ғазиз -- бас жүлде иегері атанды


Дауыс беріңіз
Оцените мой сайт
Барлық жауап: 207
Біздің сайтқа қош келдіңіз,тіркелуіңізді және өз пікірлеріңізді қонақ кітапшасына қалдыруларыңызды сұраймын.

Тараудың санаттары
Главная страница [6]
Главная страница

№38 Жалпы негізгі білім беру мектебі тел:87182356596, эл.почта:38scool@mail.ru